З.Сафиулин күміс медальді қанағат тұтты

АСТАНА. ҚазАқпарат Бангкокте өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Зәкір Сафиулин моңғол боксшысынан жеңіліп қалды.

З.Сафиулин күміс медальді қанағат тұтты

60 келі салмақ санатындағы боксшымыз Зәкір Сафиуллин мен 2014 жылғы Азиада чемпионы атанған моңғол боксшысы Отгондала Доржнямбуу арасындағы жекпе-жек барынша тартысты өтті. Алғашқы екі раундта спортшылар тек өнер көрсетті. Бірақ, үшінші раунда Зәкір шабуыл қарқынын үдетіп, моңғол спортшысының оң қабағын жарып жіберді. Осыдан кейін моңғол боксшысы екі мәрте дәрігердің көмегіне жүгінді. Бірақ, жекпе-жек нәтижесінде төрешілердің шешімімен моңғол боксшысы жеңіске жетті. Айта кетейік, 52 келі салмақ санатында шаршы алаңға көтерілген жерлесіміз Олжас Сәттібаев бұған дейін өзбек боксшысы Шахобиддин Зоировті жеңіп, еліміздің қоржынына алғашқы алтын медаль салған болатын.