Із-түзсіз жоғалған көкшетаулық әйелді өлтіруі мүмкін күдікті ұсталды

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Көкшетауда із-түзсіз жоғалған жергілікті тұрғын 33 жастағы әйелдің денесі табылды, полиция осы қылмысқа қатысы бар күдіктіні ұстады.

Задержание, преступник, полиция
Фото: freepik.com

Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғалған әйелдің денесін табу дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

«Күдікті анықталып, ұсталды. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», - деп түсіндірді ведомстводан.

Айта кетсек, Көкшетау қаласының 33 жастағы тұрғыны осы жылдың 4 шілдесінде үйінен шығып, белгісіз бағытта кетіп қалған. Сол күні оған іздеу жарияланып, полиция мен еріктілер іздестірді.

Еске салайық, Ақмола облысында Ресей азаматын өлтірген күдікті ұсталды.