Забайкалье өлкесінде Ми-2 тікұшағы жоғалып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Забайкалье өлкесінде бортында үш адам бар Ми-2 тікұшағы жоғалып кетті. Бұл жайлы жедел қызметтерге сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
«Ми-2 Карым ауданында байланысқа шықпады. Оны іздеп жатырмыз», - дейді жедел қызмет өкілдері.
Тікұшақты іздеуге Ан-26 ұшағы жұмылдырылған. Бұдан тыс, іздеу аймағына өрт-құтқару бөлімшелері жіберілді.
Хабарларға қарағанда, ұшты-күйлі жоғалған тікұшақ Армия, авиация және флотқа көмек көрсету ерікті қоғамының (ДОСААФ) Чита бөлімшесіне тиесілі болған.