Зағип жандар Республикалық медицина колледжінен білім алатын болды

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат /Кеңесбай Маржан/ - Алматыда елімізде тұңғыш рет көз көру мүмкіндігінен айырылған мүгедек жандар Республикалық медицина колледжінің жанынан ашылған  «Массажист біліктілігі бойынша тәжірибелік іс» мамандығы бойынша  білім алатын болды,

Зағип жандар Республикалық медицина колледжінен білім алатын болды

деп хабарлайды ҚазАқпарат

  Мемлекет тарапынан бөлінген білім грантының негізінде колледжде осы оқу жылының басынан бастап көз көру мүмкіндігінен айырылған 16 жан білім алуда. Олар 1 жыл 8 ай көлемінде оқып, арнайы куәландырылған сертификатқа ие бола алады. Ал бұл оқу орнына жасы 35-ке дейінгі зағип жандар қабылданады.

   «Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы қаулысымен осы мамандық бойынша 16 адам қабылданды. Оларға білім беру үшін жоғары білікті мамандар таңдап алынды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған республикалық кітапханамен тығыз байланыс орнатып, арнайы медициналық оқулықтарды құрастыру және аудару жұмыстарымен айналысып жатырмыз», дейді колледж директорының орынбасары Бибігүл Мақпырова.