Зағип жігіт Астана марафонында он шақырым қашықтыққа жүгірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада қайырымдылық мақсаттағы ірі халықаралық Астана марафонына Алматыдан келген көзі көрмейтін Айтбек Ауылбаев қатысты.

Зағип жігіт Астана марафонында он шақырым қашықтыққа жүгірді

«Қолыңнан келгенін істе және мүмкіндігіңнің көкжиегін кеңейт»,-деп жазылған аталған ер азаматтың Инстаграм парақшасында. 

Ол Астанаға спорттық шараны ұйымдастырушылардың шақыруымен келген. «Айтбек Ауылбаев 10 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті»,-дейді ұйымдастырушылар.

 Мәре сызығын қиып өткеннен кейін Ауылбаев өзінің фотосуретін әлеуметтік желіге орналастырып, «осы қашықтықты еңсеруге қауқарлы болғанымызға өте қуаныштымын» деп жазған екен.

null