Зағиптар AstraBus қосымшасын сөйлетуді сұрап отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Astana Expert Club" сарапшылар клубының алғашқы отырысында зағиптар қоғамдық көліктердің қозғалысына арналған "Astra Bus" қосымшаға дыбыс шығару қызметін енгізуді сұрады.
None
None

 Себебі зағиптар оны қолдана алмай жүр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Жалпы, бүгінде Астанадағы қоғамдық көлік жүйесіне ақпараттық теxнологияларды енгізгенде мүгедектердің құқықтарын да барынша ескерген жөн. Оған қоса, тиісті талаптар отандық заңнамада көрсетілген. Мәселен, қазіргі кезде зағиптар AstraBus қосымшасын қолдана алмай жүр. Себебі аталған қосымшада дыбыс шығару қызметі қарастырылмаған. Алайда бүгінде мәтінді дыбысқа айналдыратын қосымшалар баршылық. Неге ондай қызметті AstraBus-қа қоспасқа? Оны орнатса, зағиптар келе жатқан автобустың нөмірін дыбыс шығару функциясы арқылы біле алар еді", - дейді Астана қаласының тұрғыны Зият Әбдікәрімов. "Astana LRT" компаниясының басшылығы аталған ұсынысты қабылдап, оны пысықтап алуға уәде берді.

Айта кетейік, бүгін "Нұр Отан" партиясының қалалық филиалында "Astana Expert Club" сарапшылар клубының алғашқы отырысы өтті. Онда қоғамдық көлік кешенін дамыту мәселесі қаралды. Ал филиал басшысының орынбасары Бақыт Сапаров сарапшылар клубын құрудың негізгі мақсаты жайында айтып берді. "Мәселен, Астана қаласының көліктік кешенін дамытуға арналған үлкен қоғамдық тыңдау ұйымдастырылған болатын. Оған қала тұрғындары, сарапшылар, осы саладағы мемлекеттік органдар мен компаниялардың өкілдері қатысқан еді. Қоғамдық тыңдаулар барысында көптеген мәселелер көтерілді, тұщымды ұсыныстар айтылды. Алайда әкімнің берген тапсырмалары мен қала тұрғындарының ұсыныстарын орындау жұмысы іске аспай қалды. Сондықтан осы іспетті сарапшылар клубын құру идеясы туындады", - дейді Сапарбаев. 

Соңғы жаңалықтар