Заманбек Нұрқаділовтің ісі: Бас прокуратура желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Бас прокуратурасы Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты қылмыстық іс қайта тергеле бастағанын жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Әлеуметтік желілерде Бас прокуратура Заманбек Нұрқаділовтің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді қайта бастағаны туралы ақпарат таралуда.

Бас прокуратура бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.

Қайрат Нұрқаділовтің арызы ведомствода қаралуда», - делінген таратылған хабарламада.


Соңғы жаңалықтар