Замбия билігі 2 мың сусиырдың көзін құртпақ

 АСТАНА. ҚазАқпарат - Замбия билігі сусиырлардың санын бақылау бағдарламасының жаңартылуы туралы жариялады. Жоспарға сәйкес, елде екі мыңға жуық сүтқоректі жойылады, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Замбия билігі 2 мың сусиырдың көзін құртпақ

Елдің туризм министрі Чарльз Банда бұл шешімді Луангва өзенінің тартылуымен түсіндірген. Ол сондай-ақ жануарларды елдің басқа ауданына тасымалдау Замбия бюджеті үшін қымбатқа түсетінін атап өтті.

Ведомство басшысының айтуынша, Оңтүстік Луангва ұлттық саябағын 13 мыңнан астам сусиыр мекендейді, алайда бұл аумақ тек 5 мың сүтқоректінің өмір сүруіне лайықты. Олардың осылайша көбеюі экожүйеге қауіп төндіреді.