Замбия паркінде піл селфи жасамақ болған екі туристі таптап тастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Замбияның жабайы табиғат паркінде піл өзіне жақындамақшы болған Бельгиядан және Нидерландыдан келген екі туристі таптап тастады. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.
Агенттіктің хабарлауынша, туристер сенбі күні Maramba River Lodge сафариінде елдің оңтүстігіндегі туристерге арналған Ливингстон қаласында Виктория сарқырамасына жақын аумақта қайтыс болды.
«Бельгиялық турист 57-де, ал голландиялықтың жасы 64-те. Олар пілге жақындап барып, селфи жасамақ болған»,-деді полицияның ресми өкілі Дэни Мвале.
Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері көптеген жарақаттары бар екі адамның денесін тауып алған.