Замбияда кедейлерге азық-түлік тарату кезінде сегіз адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Замбия астанасы Лусакедегі спорт кешенінің кіреберісінде жарлыларға азық-түлік тарату барысында орын алған кептелістен кем дегенде сегіз адам қаза тапты, деп хабарлайды Рейтер агенттігі полицияға сілтеме жасап.
Полицияның дерегі бойынша, 35 мыңға жуық адам спорт кешенінің ғимаратына кіруге әрекеттенген.
«Жиналған халықты тараттық, осы мәселе бойынша тергеу жұмыстары басталды», - делінген құқық қорғау органдарының мәлімдемесінде.
Дүниежүзілік Банктің дерегіне сүйенсек, Замбия халқының 60%-ы кедейшілікте өмір сүруде.