Замбияда тырысқақ ауруы өршіді

Замбияда биылғы қаңтардан бері тырысқақ ауруына шалдыққандар саны 3189-ға жетті. Вирус жаңа аймақтарға да тараған. Kazinform бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Замбия
Фото: afro.who.int

Елдің медициналық органдарының ресми деректеріне сәйкес, індет негізінен астананы қосқанда Лусака провинциясының төрт ауданында байқалған. Бірақ тырысқақ қазір Замбияның орталығындағы басқа да аймақтарға тарағаны белгілі болды.

Президент Хакаинде Хичилема індеттің өршуіне өкініш білдіріп, Замбияны тырысқаққа қарсы вакцина өндіру орталығына айналдыруды қолдайтынын айтты.