Замбиядағы қайырымдылық шарасында 8 адам аяқ астында тапталып мерт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Замбия астанасы Лусакада 8 адамды ажалға айдаған қайғылы оқиға болды, деп хабарлады бүгін 24.kz.
Телеарна сайтының хабарлауынша, Замбия астанасындағы қайырымдылық қорларының бірі спорт кешенінің қасында кедей-кепшікке азық-түлік таратып жатқанда таласып-тармасқан адамдар құлап, аяқ астында тапталып қалған.
28 кісі жарақат алған. Оқиға орнына жеткен полицейлер шараға жиналған халықты күштеп таратқан.
Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, қайырымдылық шарасы өткен жерге 35 мыңға жуық жарлы-жақыбай жиналған. Ал ресми санаққа жүгінсек, Замбия халқының 60 пайызы кедейшілік кебін киіп жүр.