Заң актілерін Конституцияға сәйкестендіру жөніндегі жоба бірінші оқылымда мақұлданды ? Сенат

АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне оларды ҚР Конституциясына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған заң жобасы бойынша бірқатар заңнамалық актілерге олардың ережелерін Конституция нормаларына сәйкес келтіру мақсатындағы түзетулер енгізіледі. Атап айтқанда, заң жобасымен «ҚР азаматтығы туралы», «Кәсіптік одақтар туралы», «Жаппай қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы», «ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», «ҚР Ұлттық банкі туралы», «ҚР ішкі істер органдары туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «ҚР дипломатиялық қызметі туралы» және басқа да бірқатар қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізілетін болады. Құжатты талқылау барысында сенаторлар Азаматтық кодекс пен Еңбек кодексіне қатысты бірқатар түзетулер ұсынған. Сондықтан да Сенат регламентіне сәйкес, кодекстерге енгізілген өзгерістер кемінде екі оқылымда қабылдануы тиіс. Осыған орай, бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасы Бас комитетке екінші оқылымға әзірлеу үшін тапсырылды.
Соңғы жаңалықтар