Заң білігіне қатысты сынақтан сәтті өткен мемлекеттік қызметкерлердің саны 15 пайызға артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Заң білігіне қатысты сынақтан сәтті өткен мемлекеттік қызметкерлердің саны 15 пайызға артып отыр.

Заң білігіне қатысты сынақтан сәтті өткен мемлекеттік қызметкерлердің саны 15 пайызға артты

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Мемлекеттік қызмет департаментінің директоры Әли Көмекбаев мәлім етті.

Оның еске салып өткеніндей, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң күшіне енген. Ол бойынша кадрларды іріктеу барысындағы қолданылатын сынақтың жұмысында бірқатар өзгерістер жасалды.

«Сынақтың бірқатар шешімдері өзгертілді. Мемлекет басшысы іріктеу барысында үш кезеңдік жүйені енгізуді тапсырғанын білесіздер. Солардың бірі - заң біліміне қатысты сынақ. Бұрындары заңның әрбіріне шекті балл белгіленетін. Қазіргі уақытта ол өзгертілді - енді заңдық блогтарға шекті балдар енгізілген. Егер бұрындары әрбір заңнан 15 сұрақтың ішінде кемінде 10 сұраққа дұрыс жауап беру керек болған болса, қазір ол 5 балға түсірілді. Бірақ жалпы 70 пайыздық меже қалып отыр», - деді ол.