Заң бұзған электр компанияларына салынатын айыппұл артады
АСТАНА. KAZINFORM – Кәсіпкерлік кодекстің электр стансалары мен желілік компанияларды тексеруге тосқауыл болатын талаптары заңнамадан алынады. Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев осындай мәлімет айтты.
«Министрлік энергетикалық бақылауды күшейту бағытында мынандай жүйелі заңнамалық жұмыс жүргізуде:
- электр станциялары мен өңірлік электр желілік компанияларға тексеру жүргізу кезінде Кәсіпкерлік кодекстің талаптарын алып тастау;
- энергетикалық кәсіпорын ішінде өндірістік энергетикалық бақылауды енгізу;
- электр энергетикасы саласындағы нормативтік талаптарды бұзғаны үшін айыппұл санкцияларын ұлғайту;
- Энергетикалық қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің штат санын ұлғайту», - деді Алмасадам Сәтқалиев.