Заң бұзған қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяға өтуге рұқсат берілмеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көші-қон заңнамасын бұзған қазақстандықтарды Оңтүстік Кореяға өткізуден бас тартты. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне Қазақстан СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.
«Кеше, 19 желтоқсанда, Қазақстан елшілігінің жәрдемімен Алматыға 18 азамат жіберілген. Қалғандары бүгін ұшады», - деп хабарлады Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосынан.
ҚР СІМ атап өткендей, Қазақстанның барлық азаматтары - ОҚО тұрғындары. «Олардың басым бөлігі заңсыз қызметпен айналысу мақсатында Оңтүстік Кореяға бармақшы болған», - деді Жайнақов.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 18 желтоқсанда, 23 қазақстандықты Оңтүстік Кореяға өткізуден бас тартқан. ҚР азаматтары Оңтүстік Кореядағы Инчхон әуежайында қалуға мәжбүр, себебі олар Алматыдан ұшып келгеннен кейін жергілікті көші-қон полициясы елге кіргізбеген.
Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға турист ретінде барғандықтарын айтуда. Алайда корей көші-қон полиция қызметкерлері оларға сенбеген.