Заң бұзған шетелдік жұмысшы үшін жұмыс берушіні де жазалау керек - А. Рау

АСТАНА. ҚазАқпарат - Заң бұзған шетелдік жұмысшы үшін жұмыс берушіні де жауапқа тарту керек. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңестің шетелдік жұмыс күшін тарту мәселесі талқыланған отырысында Инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау мәлімдеді.

Заң бұзған шетелдік жұмысшы үшін жұмыс берушіні де жазалау керек - А. Рау

Вице-министрдің айтуынша, шетелдік жұмыс күшін тарту бағытында бірқатар проблемалар бар. Соның бірі - шетелдік мигранттардың заң бұзуы.

«Бұл ретте ең бірінші кезекте жұмыс берушілердің жауапкершілігі жөніндегі мәселені де көтеру керек. Соның ішінде сол шетелдік жұмыс күшін әкелгендерге жауапкершілік болса. Өйткені, біз инвесторларға белгілі бір уақыт аралығына шетелдерден жұмыс күшін әкелуге мүмкіндік беріп отырмыз. Ендеше, олар да барлық мәселелерге жауап берулері керек. Мәселен, шетелдік жұмысшы заң бұзса, біз оны елден шығарамыз, алайда оны елге әкелген инвестор сол үшін заң алдында толығымен жауап беруі керек», - деді Альберт Рау.