Заң қоғамдық қарым-қатынастарды толыққанды реттеу мәселелерін кешенді шешуі қажет - Елбасы

АСТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Заң қоғамдық қарым-қатынастарды толыққанды реттеу мәселелерін кешенді шешуі қажет.

Заң қоғамдық қарым-қатынастарды толыққанды реттеу мәселелерін кешенді шешуі қажет - Елбасы

Бұл туралы  бүгін ҚР Парламентінің бесінші шақырылымының екінші сессиясының ашылуы барысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

Елбасының пайымынша, Қазақ елінің заңы азаматтар өмірін жайлы, заңға мойысұнатын әрбір адамға түсінікті болуы тиіс. «Біз әрбір күн сайын қоғамдық көліктегі дөрекілікті, жол қозғалысы ережесінің бұзылуын, көшелер мен саябақтарда мастарды көреміз», - деп атап өткен ҚР Президенті кез келген өркениетті елде бұл жайт құқықтық тәртіпті өркескел бұзу болып табылатындығын баса айтты.

«Сондықтан да құқықтық шектеу механизмдері ең алдымен азаматтарды тәрбиелеуі керек», - деді Н.Назарбаев.