Заң өмірімізге енген жаңалықтарға сай өзгеріп отыруға тиіс — Тамара Дүйсенова

тамара дүйсенова
Фото: Дамир Ерубаев

Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүсенова еліміздің Еңбек кодексіне енгізілетін басты өзгерісті атады, деп хабарлайды Kazinform.

«Заң да өмір сияқты қандай өзгерістер болып жатса, сол өзгерістерді өзіне алып, оған жауап бере алатындай болуы тиіс. Мәселен, біздің қазіргі еңбек туралы заңда былай жазылған: сіз таңертең сағат 8-де жұмысқа келіп, кешкі 18.00-ге дейін жұмыс істеуіңіз қажет. Бұл міндетті. Ал платформалық жұмыста олай емес қой. Сондықтан қазір Еңбек кодексіне қандай өзгеріс енгізіліп жатыр? Енді сіз толық күн немесе толық емес күн жұмыс істесеңіз, оны ыңғайлы режим деп атайды», — деді вице-премьер «Jibek Joly» телеарнасының «Уәде» бағдарламасына берген сұхбатында.

Оның атап өтуінше, еңбекақы көлемі, сағаты жұмыс берушімен арадағы келісімшартқа қарай түзіледі.

«Бұл өзгеріс пе? Өзгеріс. Қай уақытта пайда болды? Әсіресе пандемия кезінде қашықтан жұмыс істеу жанданды. Оны біз Еңбек кодексіне енгізуміз керек пе? Керек», — деді Тамара Дүйсенова.

Соңғы жаңалықтар