Заң жобаларын дайындауға қойылатын талаптар қатаңдатылуда - Әділет министрлігі

АСТАНА. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ -Елімізде дайындалатын заң жобаларының сапасына деген талаптың қатаңдатылуына байланысты келесі жылға жоспарланып отырған заң жобаларының саны 24 пайызға азайып отыр.
None
None

 Бұл туралы бүгін Заңнамалық қызмет мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 205-ші мәжілісінде Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің директоры Азамат Есқараев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның айтуынша, 2010 жылға арналған заңнама қызметі жөніндегі жоспарды дайындау барысында Әділет министрлігінің өкілдері ағымдағы жылдың шілде айының соңында-ақ тиісті жұмыстарды бастап кеткен. Осыған орай елдегі барлық құзырлы мемлекеттік органдарға жоспарға енгізу үшін ұсыныстар мен пікірлерін жолдау жөнінде сұрау салынды. «Мемлекеттік органдар тарапынан 40-қа

жуық ұсыныстар келіп түсті. Ведомствоаралық комиссияның 5 отырысында 24 заң жобасының тұжырымдасы қаралып, аталмыш құжаттар 2010 жылға арналған жоспарға енгізілді. Құжаттардың барлығы Әділет министрлігінде алдын ала жан-жақты талқыланып, зерделенді. Олар бойынша ғылыми, құқықтық және заңнамалық сараптама жұмыстары жүргізілді. 2010 жылға жоспарланып отырған 24 заң жобасының 8-ін Әділет министрлігі дайындады», деді департамент директоры.

Соңғы жаңалықтар