Заң жобасы азаматтардың Қазақстан Конституциясының 18-бабында кепілдік берілген құқықтарын қорғауды көздейді

АСТАНА. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Кейбір заңдарға азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты заң жобасы Мәжілістің жалпы отырысында бірінші оқылымда талқыға салуға дайын.
None
None

 Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті осындай қорытынды шығарып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл заң жобасы ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің 2007 жылғы қарашаның 15-дегі хаттамалық шешімін орындау үшін әзірленген болатын.

Құжат азаматтардың Қазақстан Конституциясының 18-бабында кепілдік берілген құқықтарын заңмен қорғауды көздейді. Атап айтқанда, азаматтардың жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, пошта, телеграф арқылы немесе басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиясын заңсыз бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату қарастырылған.

Заң жобасын жұмыс тобында қарау барысында депутаттар осы құжаттың кейбір заңнамалық нормаларын Ата заң мен басқа да заңдарға сәйкес келтіру мақсатында түзетулер енгізген.

Заң жобасы ертең, қарашаның 4-і күні өтетін Палатаның жалпы отырысының күн тәртібіне ұсынылып отыр.

Соңғы жаңалықтар