Заң жобасы азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелерін қарастырады

АСТАНА. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша қорытынды шығарды. Енді осы заң жобасы ертең Мәжілістің жалпы отырысында бірінші оқылымда талқыға түседі,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Президентінің 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауының он бесінші бағытына сәйкес заң жобасында ұсынылған бірқатар толықтырулар жеке меншік институтын және келісім-шарттық қатынастарды барынша нығайтуға бағытталған.

Заң жобасының мақсаты Азаматтық кодекстің институттары мен нормаларын жетілдіру, сондай-ақ экономиканы дамытудың маңызды шарты ретінде азаматтық заңнаманың тұрақтылығын сақтау болып табылады.

Бұл заң жобасы бойынша Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Әділет министрінің орынбасары Дулат Құсдәулетов баяндама жасайды деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар