14:40, 02 Маусым 2009 | GMT +5
Заң жобасы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қамтиды
АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитеті еліміздің кейбір заңдарына азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша толықтырулар енгізуді қарастыратын заң жобасы бойынша қорытынды шығарды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Заң жобасын қабылдау еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін, ауыл шаруашылығы өндірісі мен оның ауқымының өсуін қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ ауылдық тауар өндірушілердің жұмыспен қамтылуы мен табыстарын арттыруға ынталандырады. Елдің аграрлық азық-түлік нарығы конъюнктурасының тұрақтылығын арттыруға, табиғи, өндірістік және қаржылық ресурстарды аса тиімді пайдалану үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.Заң жобасын бірінші оқылымға әзірлеу барысында Аграрлық мәселелер комитетіне жазбаша 170-тен астам ескерту мен ұсыныс келіп түскен. Жұмыс тобының 12 отырысы және Бас комитеттің 2 отырысы өткізілді. Заң жобасы бойынша салыстырма кесте 105 позициядан тұрады.