16:21, 13 Қаңтар 2009 | GMT +5
Заң жобасы бағалау қызметінің сапасын жақсартуға бағытталған
АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы бойынша қорытынды шығарды.
Енді заң жобасы Палатаның жалпы отырысында бірінші оқылымда талқыға шығаруға дайын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізудің мақсаты бағалау қызметінің нарық жүйесін жетілдіру және ретке келтіру болып табылады.
Бағалау қызметтерінің сапасын жақсарту үшін заң жобасымен оның білім деңгейін тексеру мақсатында бағалау қызметімен айналысуға үміткерді емтиханнан өткізу институтын енгізу ұсынылып отыр. Заң жобасын қарау барысында Мәжіліс депутаттары көптеген толықтырулар енгізді. Қорытынды салыстырма кестеге депутаттардың 54 түзетуі енгізіліп отыр.