14:13, 17 Қаңтар 2009 | GMT +5
Заң жобасы Қазақстанның аумағында ақпаратты таратуға байланысты қатынастарды реттейді
АСТАНА. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат. /Айдын Бәймен/ Үкімет кейбір заңдарға ақпараттық-коммуникациялық желілерге қатысты түзетулер енгізуді көздейтін заң жобасын Мәжілістің қарауына берді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 1-тармағы негізінде ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы ел аумағында ақпаратты таратуға байланысты қатынастарды реттеуді жетілдіру мақсатында әзірленген. Заң жобасының негізгі мақсаты ? ақпараттық-комуникациялық желілер арқылы Қазақстанның аумағында ақпаратты таратуға байланысты қатынастарды реттейтін нормаларды заң жүзінде бекітіп беру.