Заң жобасы мемлекеттік аппараттың пайдаланушыларды толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету жұмысын жақсартуды көздейді
АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат/Айдын Бәймен/ - Заң жобасын қабылдау мемлекеттік аппараттың пайдаланушыларды толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» үкіметтік заң жобасында осылай атап көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұл құжат «Мемлекеттік статистика туралы» заң жобасының жаңа редакциясының ережелерін іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған.Сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) толықтырулар енгізумен мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарының салық органдарының статистикалық және әкімшілік деректеріне қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.Бұдан басқа мемлекетіміздің бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу бизнеске әкімшілік жүктеменің қысқаруына алып келеді. Өйткені біріздендірілген және басқа да жүйелік-есептік кодтарды беруді және Мемлекеттік статистикалық тіркелімге есепке қоюды растайтын құжат түрінде статистикалық карточка беруді алып тастауды көздейді.Заң жобасы жалпықұқықтық принциптерге және құқықтың тиісті салаларының принциптеріне сәйкес келеді. Таяу және алыс шетелдердің, атап айтқанда, Канада, Ирландия, Словения, Норвегия, Ресей, Қырғызстан елдерінің осы саладағы құқықтық нормалары ескерілген.Заң жобасын қабылдау нәтижесінде дара кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарын азайту немесе арттыру болжанбайды. Заң жобасын іске асыру келеңсіз әлеуметтік салдарға әкеп соқпайды.Заң жобасын қабылдау мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.