Заң жобасы мемлекеттік материалдық резерв жүйесін жетілдіруге бағытталып отыр
Соған орай заң жобасын дайындап, Мәжілістің қарауына берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік материалдық резерв мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мемлекеттік материалдық резерв жүйесін жетілдіруге бағытталған.
Заң жобасының негізгі мақсаты «Мемлекеттік материалдық резерв туралы» және «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын мемлекеттік материалдық резерв жүйесін дамытудың тұжырымдамалық тәсілдеріне сәйкестендіру, сондай-ақ құқықтық ақтаңдақтардың орнын толтыру болып табылады.
Заң жобасын қабылдау құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарға кері әсерін тигізбейді, сондай-ақ республикалық бюджеттен қосымша шығынды қажет етпейді.
Аталған заң жобасы бойынша қыркүйектің 3-і күні шығарылған Палатаның қаулысына сәйкес Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті жұмыс тобын құрып, қорытынды әзірлейтін болды.