Заң жобасы мемлекеттік монополия субъектісінің жоғары тарифтер белгілеу және тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасау фактілеріне жол бермеу мақсатын көздейді

арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес әзірленген. Осы заң жобасы ертең Мәжілісте өтетін дөңгелек үстел барысында талқыға салынады.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің 2010 жылғы сәуірде берген тапсырмасына сәйкес заң жобасында экономикаға мемлекеттік араласуды барынша қысқарту және ұлттық қауіпсіздікті, мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, халықтың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын талап ететін ерекше жағдайларда ғана мемлекеттік монополияны енгізу көзделген.
Заң жобасында Қазақстан Республикасының 27 заңнамалық актісіне «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес келтіруге және оларды өзара үйлестіруге бағытталған тиісті өзгерістер енгізу көзделеді.
Заң жобасы қабылданған жағдайда оң құқықтық және әлеуметтік-экономикалық негіз қалыптасады деп күтілуде. Атап айтқанда, мемлекеттік монополия субъектісін құрудың заңнамалық түрде белгіленген өлшемдеріне жауап беретін тауарды өндіруге және сатуға, сатып алуға немесе пайдалануға мемлекеттің айрықша құқығын бекіту жолымен мемлекеттік монополияға жатқызылған салаларды қысқартуға қол жеткізіледі.
Баға белгілеудің ашықтығын және ең жоғары транспаренттілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік монополия субъектісінің жоғары тарифтер белгілеу және тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасау фактілеріне жол бермеу мақсатында тарифтерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің деңгейінде бекіту мүмкіндігі қарастырылуда.