Заң жобасы Палатаның қарауына жіберіледі

АСТАНА. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат. Сенаттың Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел іздестіру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды,

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберіледі
деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Заң жобасы жедел іздестіру қызметін жетілдіру, оны реформалау және қолданыстағы қылмыстық іс жүргізумен бірге еліміздің басқа да заңдардың ережелерімен сәйкестендіру мақсатында әзірленген болатын.Заң жобасы Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстері мен «Жедел іздестіру қызметі туралы» заңға өзгерістер енгізуді көздейді.Жоба анықтау органдарынан қылмыстық істі прокурордың алуына және алдын ала тергеу органына беруге өкілеттігін қарастырады.Ерекше жағдайларда толық және ақиқат тергеу жүргізуді қамтамасыз ету үшін алдын ала тергеу органының жазбаша ұсынысы бойынша, немесе прокурордың жеке бастамасы бойынша істі алдын ала тергеу органының бірінен екіншісіне беруге, немесе өзіне өндіріске алуға және оны Қылмыстық іс жүргізу кодексінде белгіленген сабақтастықтан тәуелсіз түрде тергеуге қабылдауға өкілеттік берілетін болады. Тұжырымдамалық тұрғыда мақұлданған заң жобасы Палатаның қарауына жіберілетін болды.