Заң жобасы судьяларды өмір бойы қамтамасыз етудің төлеу тәртібі мен шарттарын реттейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы Мемлекет басшысының Республика судьяларының VI съезінде судьялар қызметінің әлеуметтік және материалдық жағдайын арттыру жөнінде берген тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді.

Заң жобасы судьяларды өмір бойы қамтамасыз етудің төлеу тәртібі мен шарттарын реттейді

Конституциялық заңның жобасы судьяларды зейнетақымен қамтамасыз ету институтын қайта құруды көздейді.

Заңға енгізілетін түзетулер адамның, азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды көздейтін сот қорғауына жүгінген адамдардың конституциялық құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ететін сапалы әрі тұрақты судьялар корпусын қалыптастыруға ықпал ететін болады.

Сонымен қатар, заң жобасы судьяларды өмір бойы қамтамасыз етудің төлеу тәртібі мен шарттарын реттейді.