Заң жобасы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне қарсы іс-қимыл жасаудың құқықтық шаралар кешенін қамтиды

АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Мәжілістің заңнамалық қоржынында «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасымен жұмыс жалғасуда.
None
None
Бұл заң жобасы 2007 жылғы желтоқсанның 7-сінде Мәжіліске келіп түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Аталған заң жобасы Қазақстан Президентінің 2005 жылғы қарашаның 29-ындағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын орындау мақсатында дайындалған. Сондай-ақ Қазақстан әйелдерінің 4-форумында Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді іске асыру жөніндегі Үкіметтің іс-шаралар жоспарына сәйкес әзірленген.Заң жобасы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне қарсы іс-қимыл жасаудың құқықтық шаралар кешенін қамтиды. Осығын байланысты заң жобасында отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесудің пәрменді тетігі ұсынылып отыр.Заң жобасының нормаларын іске асыру отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылардың алдын алу мен жолын кесу жөніндегі алдын алу шараларын қолдануға мүмкіндік береді.Айта кету керек, ақпанның 13-і күні Павлодар қаласында болатын Қоғамдық Палатаның көшпелі отырысының күн тәртібіне «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы енгізілген. Онда заң жобасын жетілдіре түсу жөнінде ұсыныстар жасалмақшы.
Соңғы жаңалықтар