Заң жобасы улы химикаттарға мемлекеттік тіркеу жүргізу тәртібін реттейді

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Мәжілістің аграрлық мәселелер комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына қорытынды шығарды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Заң жобасында «Өсімдіктер карантині туралы», «Өсімдіктерді қорғау туралы» және «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген. Осы заң жобасында енгізіліп отырған нормалар пестицидтерге, яғни улы химикаттарға мемлекеттік тіркеу жүргізу тәртібін реттейді және олардың айналымы саласындағы нормативтік базаны жетілдіреді. Әкелінетін және әкетілетін карантиндік өнімге рұқсаттық құжаттар беру мерзімдерін қысқарту, сондай-ақ Үкіметтің және уәкілетті органның құзыретін нақтылау бөлігінде «Өсімдіктер карантині туралы» Заңға өзгерістер енгізуге қатысты депутаттардың ұсыныстары қабылданды. Аталған өзгерістер әкімшілік кедергілерді азайту және Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлардың және көлік құралдарының өтуін жеделдету мақсатында қабылданды.
Соңғы жаңалықтар