Заң жобасы жалған кәсіпкерліктің жолын кесуді көздейді

АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша қорытынды шығарды және оны екінші оқылымда қарауға ұсынды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Заң жобасының негізгі мақсаты салық әкімшілігін жүргізуді күшейту, соңғы бірнеше жылда құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың айқын динамикалы өсуіне байланысты жалған кәсіпкерлік фактілерінің жолын кесу әдістерінің тиімділігін арттыру болып табылады. Заң жобасы коммерциялық ұйымдардың ғана емес, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің де жалған кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін жауапкершілігін көздейді. Екінші оқылымға дейін жұмыс тобына барлығы он ұсыныс келіп түсті, олар салыстырма кестеге енгізілді.
Соңғы жаңалықтар