10:30, 06 Қаңтар 2009 | GMT +5
Заң жобасы жасырынып жүрген адамдарды ұстауға қатысты шартты бекітуді қарастырады
АСТАНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат. /Айдын Бәймен/ Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы Ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша қорытынды шығарды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұл шартқа 2003 жылы қарашаның 13-інде Сеул қаласында қол қойылған.Аталған шартты ратификациялау еліміз үшін Қазақстан аумағында қылмыс жасаған және қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру және сот үкімін орындауға келтіру үшін Корея Республикасының аумағында жасырынып жүрген адамдарды ұстап беруді талап етуге негіз болады.Мәжілістің барлық салалық комитеттері осы заң жобасын мақұлдауды қажет деп тапқан. Енді бұл заң жобасы Палатаның талқысына шығарылады.