18:34, 20 Қаңтар 2009 | GMT +5
Заң жобасын қабылдау еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін болады
АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Үкіметтен Мәжіліске «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» жаңа заң жобасы келіп түсті. Жаңа заң жобасының құрылымы төрт тараудан және он екі баптан тұрады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Заң жобасын әзірлеуге Қазақстан Президентінің 2006 жылғы қарашаның 14-індегі Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы, Мемлекет басшысының 2008 жылғы ақпанның 6-сындағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру ? мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Елбасының Жарлығы негіз болған.Заң жобасының мақсаты ? экономиканың энергия сыйымдылығын және электр энергиясын өндіру секторының қоршаған ортаға әсерін, оның ішінде парниктік газдардың шығарындыларын төмендету үшін жаңартылатын энергия көздерінің пайдалану үлесін арттыру болмақ.Жаңартылатын энергия көздерін дамыту мәселелерін жүйелі шешу мақсатында заң жобасында ең тиімді аумақтар бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын (бағдарламасын) бекіту, орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған жаңартылатын энергия көздерін дамытуға және пайдалануға бағытталған бағдарламаларды бекіту, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөнінде нысандарды салуға жобаларды келісу тәртібін бекіту көзделеді. Жергілікті атқарушы органдар жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды ескере отырып, өңірлік даму бағдарламаларын әзірлейтін болады. Жоспарларды, экономикалық және әлеуметтік жоспарларды әзірлеу кезінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану ескерілуі тиіс. Сондай-ақ қуаты жиырма бес мегаватқа дейінгі жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын нысандарды салу жобаларын келісу көзделеді.Тұтастай алғанда, заң жобасын іске асыру жергілікті атқарушы органдардың бекітілген штат санының лимиті шегінде көзделеді.Заң жобасын қабылдау Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, энергетиканың болашағы үшін отынды үнемдеуге, халықтың денсаулығын сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға ықпал ететін болады.Заң жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді.