Заң жобасын қабылдау сот шешімдерінің орындалу сапасын арттырады

АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Депутаттар тарапынан енгізілген толықтыруларды ескере отырып, Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын
None
None
Палатаның жалпы отырысында бірінші оқылымда қарауға енгізу жөнінде ұсыныс жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Мәжілістің жалпы отырысында заң жобасы жөнінде Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің төрағасы Ирак Елекеевтің баяндама жасайтыны жоспарланған. Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Берік Бекжанов жұмыс тобының атқарған қызметі жайлы қосымша түсінік береді.Осы заң жобасын Мәжіліс қабырғасында қарау кезінде комитеттер мен депутаттардан бірқатар ұсыныстар келіп түскен. Олар салыстырма кестеге түсірілді. Депутаттардың барлық түзетулері жүмыс тобы мен Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің отырыстарында Сот әкімшілігі комитеті, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы, Жоғарғы сот, Әділет министрлігі өкілдерінің қатысуымен қаралып, талқыланды.Мәжілістің салалық комитеті жеке орындаушылық институтын енгізу жолымен атқарушылық іс жүргізу жүйесін жаңарту - бұл оның тиімділігіне елеулі әсер ететін және атқарушылық іс жүргізу жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жоюға жәрдемдесетін қолайлы әрі пісіп-жетілген сапалы шара екенін атап өткен.Тұтастай алғанда, заң жобасын қабылдау сот шешімдерінің орындалу сапасын арттырады және сот пен өзге де органдар актілерінің нақты әрі мүлтіксіз орындалуына жәрдемдесетін болады. Сондай-ақ жеке орындаушылық институтын енгізу бюджетке түсетін салық түсімдерінің ұлғаюына ықпал етеді.
Соңғы жаңалықтар
Референдум