Заң жобасында ақпараттық-коммуникациялық желілерде деректерді беруді реттеудің жаңа тетігі ұсынылады
АСТАНА. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарап шығып, өз қорытындысын берді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Заң жобасында ақпараттық-коммуникациялық желілерде деректерді беруді реттеудің жаңа тетігі ұсынылады. Соған сәйкес ұлттық заңнамаға қайшы келетін ақпарат анықталған жағдайларда, сотқа міндетті түрде талапты енгізумен осы ақпаратты жариялауды тоқтата тұру туралы шешімді прокуратура органдары қабылдайтын болады. Заңнамаға сәйкес келмейтін ақпараттың жариялануын тоқтату туралы прокуратура органдарының шешімі провайдерлерге барлық ақпараттық-комуникациялық желілерде аталған ақпаратқа қол жеткізілімін соттың шешіміне дейін тоқтатуға мүмкіндік береді.Интернет желісінің қазақстандық сегментінде орналасқан сайттарға қатысты істерді қарау іс-жүргізудің талабының тәртібінде жүзеге асырылатын болады.Заң жобасын қабылдау ақпараттық-коммуникациялық желілерде деректерді беру үдерісіндегі қатынасты заңнамалық реттеудің қағидаттарын сапалы өзгертуге мүмкіндік береді.