Заң жобасында төрешілер тізілімін енгізу ұсынылады

АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Үкіметтен Мәжіліске «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аралық соттар және халықаралық коммерциялық төрелік қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы келіп түсті.
None
None
Бұл заң жобасы Қазақстан Президентінің жанындағы Құқықтық саясат кеңесінің 2007 жылғы ақпанның 12-сіндегі шешімін орындау үшін әзірленген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қолданыстағы заңнама шетелдік соттарда Қазақстанның иммунитетін автоматты түрде тануға әкелмейді. Осыған байланысты Үкімет Қазақстан Республикасы мен оның меншігінің, сондай-ақ Қазақстандағы шет мемлекеттердің иммунитетіне қатысты нормаларды Азаматтық және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне енгізуді ұсынып отыр.Бұдан басқа қолданыстағы ұлттық заңнамада төрелік және аралық соттардың қызметі үшін, сондай-ақ дауларды шешу ретінде аралық немесе төрелік талқылау рәсімін таңдағысы келетін жеке және заңды тұлғалар үшін проблемалар туғызатын нормалар қамтылған.Заң жобасында төрешілер тізілімін енгізу ұсынылады. Бұл жеке және заңды тұлғалардың төрелік органдарға деген көзқарасын түбірімен өзгерте алады. Мәселен, қазіргі кезде Қазақстанда 15-ке жуық төрелік және аралық соттар жұмыс істейді. Олардың ішінде ең танымалы ? Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіптік палаталар Кеңесінің жанындағы Төрелік комиссия, «IUS» Халықаралық аралық соты, Қазақстан Республикасының Халықаралық төрелік соты.Алайда, көрсетілген төрелік (аралық) органдардың бары туралы тек шектеулі адамдар тобы біледі. Тиісінше, Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалар үшін олар дауларды шешуде төрелік (аралық) талқылау рәсімін таңдаған жағдайда төрелік (аралық) органды іздестіруде қиындық туады. Қазіргі кезде бірде-бір мәлімет көзінен төрелік талқылау үшін тараптар жүгіне алатын төрешілер тізімін іздеп табу мүмкін емес екенін атап өту қажет.Заң жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді.
Соңғы жаңалықтар