Заң жобасының ең негізгі мақсаты - мемлекетіміздің энергетикалық қауіпсіздігін тұрақтандыру - Мәжіліс депутаты Т. Ибраев

АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Заң жобасының ең негізгі мақсаты - мемлекетіміздің энергетикалық қауіпсіздігін тұрақтандыру.
None
None

Бұл пікірді кеше магистралдық құбырларға қатысты заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобының мүшесі, Мәжіліс депутаты Төлеген Ибраев журналистерге берген сұхбатында айтты.

«Тәуелсіздік алған кезімізде біраз дүниені заңдарымызбен бекітіп тастауға шамамыз да келмеген шығар, басқа да жағдайлар әсер еткен болар, ескермеген жайттар болды. Енді сол ретке келтіруге тиіс мәселелерді жөнге келтіру мақсатында заңдарға өзгерістер енгізіліп жатыр. Заң жобасының ең негізгі мақсаты - мемлекетіміздің энергетикалық қауіпсіздігін тұрақтандыру. Сондай-ақ магистралдық құбырлар төңірегіндегі қызметтерге шетелдік инвестициялар салынады. Осы сала бойынша шетелден келетін инвестицияның көлемін ұлғайтатын болсақ, мемлекетіміздің әрі қарай дами беруіне ықпал ететіні сөзсіз. Бұл заң жобалары соған негіз болмақ»,- деді депутат Төлеген Ибраев.

Депутат заң жобасының әлеуметтік жағына да тоқталды. Мәселен,  әрбір адамның жеке меншігінде көлігі бар, қоғамдық көліктер бар. Осы автокөліктерге жанар-жағармай жетпей жатады. Немесе оның бағасы өсіп кетеді. Төлеген Ибраевтың пікірінше, ілеспе заң жобасы арқылы үш кодекске, бес заңға өзгерістер енгізу нәтижесінде салыстырмалы түрде тұрақты бағамен қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.

Сонымен қатар заң жобасының экологиялық зардаптардың алдын алуға қатысты жағы да бар. «Бұған дейін қолданылып келген заңдар бөлек-бөлек болса, енді осы магистралдық құбырларға қатысты мәселелер бір заң аясында біріктіріліп отыр. Депутаттардың енгізген ұсыныстары бойынша жұмыс тобында заң жобасы біраз өзгерістерге енуі мүмкін. Ал заң жобасы Мәжілістің жалпы отырысында талқыланған кезде үлкен жұмыстың орындалғанын байқауға болады деп есептеймін»,- деді Т. Ибраев.

Соңғы жаңалықтар