Заң жобасының мақсаты - білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің ашықтығын арттыру

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Заң жобасын қабылдаудың мақсаты экономиканың мемлекеттік секторына корпоративтік басқару элементтерін енгізу, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің ашықтығын арттыру арқылы республикада заңнамаларды жетілдіру болып табылады.
Білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы мемлекеттік кәсіпорындарда қадағалау кеңестерін құру жолымен оларда корпоративтік басқару элементтерін енгізу мемлекеттік кәсіпорын мен оның басшылығының қызметіне мемлекеттік бақылауды күшейтуге ықпал етеді.
Заң жобасын қабылдау шаруашылық басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында қоғамдық бақылау принциптерін енгізудің құқықтық негіздерін айқындауға мүмкіндік жасайды.
Заң жобасында қадағалау кеңесінің құзыреті, оның мемлекеттік басқару органымен және мемлекеттік кәсіпорын басшысымен өзара іс-қимылының тәртібі және олардың жауапкершілігі белгіленеді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қадағалау кеңесіне, атап айтқанда, қадағалау кеңесін құру және сайлау тәртібін бекітуге, қадағалау кеңесінің төрағасы мен мүшелерін сайлауға қатысты құзыреті айқындалады.
Заң жобасын қабылдау білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы мемлекеттік кәсіпорындарда корпоративтік басқару процесінде туындайтын қатынастарды реттеудің құқықтық негізін құруға мүмкіндік береді.