Заң жобасының мақсаты - Еуропа мәдени конвенциясын бекіту

АСТАНА. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Заң жобасы 1954 жылы желтоқсанның 19-ы күні Париж қаласында қабылданған Еуропа мәдени конвенциясын бекіту мақсатында әзірленген. Осы орайда Үкіметтен Мәжіліске «Еуропа мәдени конвенциясын ратификациялау туралы» заң жобасы келіп түсті,

Заң жобасының мақсаты - Еуропа мәдени конвенциясын бекіту

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Конвенцияда Еуропаның ортақ мәдени игілігін қорғау және оған ұлттық үлесті дамытуды көтермелеу шаралары анықталған.

Конвенцияға қатысу Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы тамыздың 29-ындағы Жарлығымен бекітілген 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасында белгіленген мәселелер тұрғысынан өзекті болып табылады.

Конвенцияға қосылу Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің тілін, тарихын және мәдениетін зерттеуді дамытуға, сондай-ақ Еуропалық білім министрлерінің 1999 жылғы маусымның 19-ындағы «Еуропа жоғары білім кеңістігі» ортақ мәлімдемесіне (Болон декларациясы) қатысушы мемлекеттер құрған Болон процесіне қатысуға мүмкіндік беріп, осының аясында Еуропа мемлекеттері тарапынан Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының дипломдары танылады.

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес Конвенция ратификациялауға жатады.