Заң жобасының мақсаты ? сот-сараптама қызметін барлық қырынан алғанда ретке келтіру
АСТАНА. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» заң жобасы бірінші оқылымға дайын.
Бұл жөнінде Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті қорытынды беріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Заң жобасының мақсаты ? сот-сараптама қызметін барлық қырынан алғанда ретке келтіру. Өйткені қазіргі қолданыстағы «Сот-сараптамасы туралы» Заң сот сараптамасын жүргізуді және тағайындауды реттейді. Алайда, заң жобасын дайындаушылар ұйымдық, ғылыми-әдістемелік қырлары бойынша сот-сараптама қызметінің өзіне қатысты мәселелер жеткілікті түрде реттелмегенін жазады.