Заң жобасының негізгі тұжырымдамалық бағыты ? сақтандырудың міндетті түрлерін жүргізу шарттарын және тәртібін жетілдіру

АСТАНА. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Үкімет «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заң жобасын әзірлеп, Мәжілістің қарауына берді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Заң жобасының негізгі мақсаты сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін заңнамалық актілердің жекелеген ережелерін нақтылау және жетілдіру, өзара сақтандыру қоғамдарының дамуын одан әрі ынталандыру, сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың мүліктік және әлеуметтік мүдделерінің құқықтық тұрғыда қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады.Заң жобасымен 1999 жылғы шілденің 1-індегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, 2001 жылғы қаңтардың 30-ындағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне, 2001 жылғы маусымның 12-сіндегі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексіне, 2007 жылғы мамырдың 15-індегі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.Сонымен қатар «Сақтандыру қызметі туралы», «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы», «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы», «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» заңдарға түзетулер енгізілмек. «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы», «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы», «Өзара сақтандыру туралы», «Лицензиялау туралы» заңдарға да бірқатар толықтырулар енгізіледі.Заң жобасының негізгі тұжырымдамалық бағыты ? сақтандырудың міндетті түрлерін жүргізу шарттарын және тәртібін жетілдіру. Атап айтқанда, құқық қолдану тәжірибесін ескеру мен сақтандыру омбудсманы институтын одан әрі жаңғырту, қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі функцияны өмірді сақтандыру жөніндегі сақтандыру ұйымдарына табыстау, міндетті сақтандыру шартын жасасу міндеті жүктелген тұлғалардың міндетті сақтандыру туралы заңнаманың талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілігін күшейту мақсаты көзделіп отыр. Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша тариф саясатын жетілдіру, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ сақтандыру ұйымдарын акцияландыруына байланысты оның қызметін нақтылау, өзара сақтандыру қоғамдарының қызметінде олардың қызметін лицензиялау бойынша қойылатын талаптарды алып тастау жолымен ырықтандыру да қарастырылған.Заң жобасын қабылдау сақтандыру қызметтерін тұтынушыларды қорғау деңгейін арттыру мақсатында қолданыстағы және халықаралық тәжірибені ескере отырып, міндетті сақтандыру саласындағы тетіктерді жетілдіру, өзара және міндетті сақтандыру саласының одан әрі дамуы үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.Ұсынылып отырған заң жобасын іске асыруға байланысты қосымша қаржылық шығындар талап етілмейді.
Соңғы жаңалықтар