Заң жобасының негізі мақсаты - трансферттік баға белгілеуді бақылау тетігін одан әрі жетілдіру
АСТАНА. Наурыздың 9-ы. ҚазАқпарат - «Трансферттік баға белгілеу туралы» заңға толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасын талқылау кезінде Мәжілістің барлық тұрақты комитеттері оң қорытындылар берді.
Палатаның Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобасы бойынша қорытынды шығарды. Заң жобасы Мәжілістің жалпы отырысында бірінші оқылымда талқыға салуға дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осы заң жобасының негізі мақсаты - трансферттік баға белгілеуді бақылау тетігін одан әрі жетілдіру.
Аталған заң жобасын қарау барысында ұзақ мерзімді мәмілелер бойынша белгіленім кезеңінің мерзімдерін өзгертуге, салық салу нысандарына және салық салуға байланысты салық салу нысандарына түзетулерді енгізуге қатысты, сондай-ақ редакциялық сипаттағы түзетулер қарастырылып отыр.
Сонымен қатар мүлікті қайталама лизингке беру мерзімдерін нақтылау бөлігінде Салық кодексіне түзетулер енгізілді.