Заңдардың Сенатта қаралу уақытын қысқартып, өңірлердің мүддесіне негізгі басымдық береміз – Мәулен Әшімбаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев конституциялық реформалар Сенаттың жұмысын қалай жандандыратынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз конституциялық өзгерістерден кейін палатаның жұмысын әрі қарай жаңғырту мәселесімен де айналысамыз. Мысалы, заңдарды қарау уақытын қысқарту керек. Кейбір заңдарды жылдам қарау керек. Кейбір керек жоқ сатыларды азайтамыз. Мұның бәрі алдағы жұмыстар. Ол жұмыстардың нақты нәтижесі заңдарды қарау уақыты қысқарғанымен, сапасына көп көңіл бөлінеді. Бұл да осы реформалардың нақты нәтижесінің бірі деп қарау керек», - деді Мәулен Әшімбаев ҚР Президент тетерадиокешеніне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, ұсынылып отырған конституциялық реформада Сенатқа бірнеше жаңа құзырет берілмекші.

«Конституциялық Соттың төрағасын Президенттің тағайындауына келісім беру құзыреті бар. Сондай-ақ, Жоғарғы Сот кеңесінің төрағасын тағайындауға да Президентке келісім беру Сенатқа жүктеледі. Бұлар – Сенаттың осы бағыттағы құзыретін арттыратын шешімдер. Жалпы осы реформаның аясында Сенаттың рөлі де артады, жаңа құзыреттер беріліп, әрі қарай Сенат өңірлердің мүддесін жүргізетін негізгі институт болады деп ауыз толтырып айта аламыз», - деді Сенат спикері.

Айта кетейік, бүгін «Евразия» арнасында сағат 10:00-де, «Хабар» - 12:45-те, «Qazaqstan» - 16:05-те, «Qazaq TV» - 20:15-те, «Алматы»- 20:35-те референдум туралы деректі фильм көрсетіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар
telegram