Заңды тұлғаларды тіркеуде едәуір жеңілдіктер қарастырылады - Мәжіліс

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір зңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.
None
None

Құжаттың мақсаты заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін құруды және олардың қызметін жеңілдету болып табылады. Заң жобасын қабылдау оң құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жағдай қалыптастыратын болады. Бұдан бөлек, құжат елімізде кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар туғызуды да көздейді. Осының өзі халықаралық ұйымдар рейтингісінде Қазақстанның позициясын жоғарылатуға сеп болады.

Ал құжаттағы басты жаңалыққа келетін болсақ, онда интернетпен  тіркеуді енгізу арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеудің рұқсат беру тәртібін хабарлама тәртібіне көшіру көзделеді. Куәліктің қағаз түрлері электрондық анықтамаға ауыстырылады. Шаруашылық серіктестіктері жарғыларын ұсынады және заңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжатты жою шаралары да көзделеді.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар