Заңғар Ноғайбай «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Заңғар Мақсұтұлы Ноғайбай «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры болып тағайындалды, деп хабарлады «KAZENERGY» баспасөз қызметі.

Заңғар Ноғайбай  «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры  болды

Заңғар Ноғайбай 1979 жылы туған. Құқық магистрі, заң ғылымдарының докторы. 1999 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін аяқтады, 2000 жылы - магистратура, 2005 жылы Бременск университетінің докторантурасын бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінде оқытушы ретінде бастады, техникалық ынтымақтастық бойынша Герман қоғамдастығының ҚР-дағы құқықтық реформаға жәрдемдесу жобасының ұлттық үйлестірушісі болды. Әр жылдары ҚР БҒМ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Іріктеу және ақпараттық сүйемелдеу департаменті директоры, ҚР МҚІА мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы жетілдіру бөлімінің бас сарапшысы, бөлім меңгерушісі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Нормативтік және құқықтық жұмыстар департаменті директорының орынбасары болды.

2008-2009 жж. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, ҚР ЭМРМ заң департаментінің директоры, сондай-ақ заң компаниялары мен жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

2013-2014 жж. - ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары.

«KAZENERGY» қауымдастығының директоры болып тағайындалғанға дейін ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының кеңесшісі, ҚР ҰКП Төрелік және аралық талқылау орталығы басқарушы кеңесінің мүшесі болған.