Заңғар Нұрланұлы биылғы үшінші титулын жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы Латвияның Айзкраукле қаласында жасөспірімдер арасында өткен ITF J100 турнирінің чемпионы атанды.

Заңғар Нұрланұлы биылғы үшінші титулын жеңіп алды
Фото: ҚТФ

Жасөспірімдер арасында әлемнің 77-ракеткасы, 16 жастағы теннисші финалда нидерландылық, рейтингіде 165-орында тұрған Хайде Шонмаркспен кездесті.

Заңғар қарсыласын 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Өткен жылы Заңғар осы жарыста финалға дейін жеткен еді.

Бұл - қазақстандық теннисшінің спорттық жолындағы ITF Juniors додаларындағы бесінші, биылғы үшінші титулы.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Әмір Омархановтың Мексикадағы жарыстың жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз. Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов ресейлік Тимофей Дерипаскомен бірге жұптық сында жеңімпаз атанды.

 

Соңғы жаңалықтар