Заңгер Бұрхан Жансейітовті үйқамақта ұстау шешімі қабылданды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Заңгер Бұрхан Жансейітов үйқамаққа алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Алматы қалалық соттың мәліметінше, Бұрхан Жансейітов екі айға үйқамаққа алынды.

«Алматы қаласы тергеу сотының 2022 жылғы 17 шілдедегі қаулысымен Б. Жансейітов 2 ай мерзімге, яғни 17 қыркүйекке дейін үйқамаққа алынды, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаудан бас тартылды», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске салайық, 15 шілде күні Қаржы мониторингі агенттігі Алматыда заңгер Бұрхан Жансейітовтің ұсталғаны туралы хабарлаған болатын.


Соңғы жаңалықтар