Заңгер келіншек Исламға сай киім үлгісін сататын онлайн дүкен ашты

АСТАНА. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Омырауы ашық, етегі қысқа әрі сыртынан дене ашық көрініп тұратын шүберектерден басқа Ислам талабына сай киім-кешек табудың қиындығы Заһраны өз кәсібін ашуға алып келді. Мұсылманша ұстанымның үдесінен шығатын сәнді киімді көшедегі дүкендерден ғана емес, ғаламтор беттерінен де кездестіру тіпті қиямет-қайым екен. Заһраның айтуынша, мұсылман қыз-келіншектер киетін киімдерге тән басты стиль - ол қарапайымдылық. Яғни, көлденең адамның көңілін бұратын немесе көзге ұрып тұратын киім үлгісі Ислам мәдениетіне мүлде жат, деп жазады muslim.kz
None
None

Бұл онлайн дүкеннің айрықша атап өтетін ерекшелігі - киім-кешектер тек Ислам нанымына сай киінетін қыз-келіншектер үшін ғана емес, сонымен бірге етек-жеңін қымтап, абұйырлы жерлерін жауып жүруді жөн көретін нәзік жандыларға да лайықтап жасалғандығы.

Заһра Әлжәбри: «Біздегі нарық қыз-келіншектердің талғамы мен қалауын толық қамти алмайды. Киім тігіп, сатушылар дәстүрлі түрде киінетін нәзік жандылардың тілегін қанағаттандыруға тым қауқарсыз. Сондықтан, мен секілді әйелдердің өздеріне лайықты киімді тауып немесе тіктіру көп уақыт пен ақшаны қажет етеді», - дейді.

Негізінде Әлжәбридің мамандығы тігіншілік емес, ол - заңгер. Дегенмен оның бойындағы имандылық пен намыс күші тыңнан түрен салуға түрткі бола білген. Техникалық білімі бар жолдасы Джеймс Фагмустың да көмегі зор болды. Былтыр ашылған онлайн дүкен осы мамыр айының 17-ші жұлдызында қарапайымдылықты паш ететін киім үлгілерінің жаңа легін жұртшылық назарына ұсынатынын айта кеткеніміз жөн болар.

Соңғы жаңалықтар